Мектебімізде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған
Мектебімізде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық шеру ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ерлік пен батырлықты дәріптеу болды. Шеруге мектептің 10-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар саптық жүріс, әскери дайындық элементтері мен тәртіп сақтау бойынша өздерінің дайындық деңгейлерін көрсетті. Әр сынып белсенділік танытып, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.