01
июнь
2026
Рүстембек Жанерке
Бүгін Алматы қаласының Астана алаңында «БалаFEST – 2026» фестивалінің жеңімпаздарына арналған салтанатты қалалық шоу өтті. Бұл айтулы шара жас таланттардың жетістіктерін ұлықтап, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.Осы мерекелі күні №141 жалпы білім беретін мектептің 2 «В» сынып оқушысы Рүстембек Жанерке «Кітап – білім бұлағы» секциясы бойынша өткен қалалық кезеңде жүлделі II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Оқушымыздың бұл жетістігі – табандылықтың, білімге деген сүйіспеншіліктің және үздіксіз еңбектің нәтижесі. Жанеркені шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!