Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық тарих күні» білім беру жобасының өңірлік кезеңі өтті
10
апрель
2026

«Ұлттық тарих күні» білім беру жобасының өңірлік кезеңі өтті

10 сәуір күні Алматы қаласында 7–11 сынып оқушыларына арналған «Ұлттық тарих күні» білім беру жобасының өңірлік кезеңі өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Qazaq Foundation» қорының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылған бұл додада мектебіміздің абыройы асқақтады! Ерекше дайындық пен таланттың арқасында 10-сынып оқушыларымыз топтық сахналық көрініс номинациясы бойынша үздік шығып, жүлделі I орынды иеленді. Бұл жеңіс біздің оқушыларға елордамыз Астана қаласында өтетін Республикалық кезеңге тікелей жолдама сыйлады. Тарихымызды ұлықтап, өнерлерін паш еткен жас дарындарымызды мақтан тұтамыз! Астана төрінде өтетін шешуші кезеңде де оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Тек қана алға!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: