Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2026

«DODA SENIOR» олимпиадасына

Мектебіміздің 9–10 сынып оқушылары ғылыми-жаратылыстану бағытында өткен «DODA SENIOR» олимпиадасына белсенді қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Олимпиада барысында оқушылар биология, география және химия пәндері бойынша терең білімдерін дәлелдеп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Олимпиаданың қалалық кезеңінде 9 «Ә» сынып оқушысы Назарбек Анна жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ал аудандық кезеңде де оқушыларымыз жоғары жетістіктерге жетті. Атап айтқанда:
* 9 «Ә» сынып оқушысы Назарбек Анна — I дәрежелі диплом;
* 10 «Б» сыныбынан Арқар Аружан — II дәрежелі диплом;
* Әбдіқұл Нұрай — III дәрежелі диплом;
* Серік Жібек — II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, 10 «В» сынып оқушылары Кайнарбаева Шаруан мен Орынбай Көркем олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломдарға ие болды.
Оқушыларымыздың бұл жетістіктері — олардың білімге деген құштарлығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздарының бағыт-бағдарының нәтижесі. Болашақта да осындай білім додаларында биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын асқақтата береді деген сенімім мол.
Жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: