18
июнь
2026
11-сынып түлектеріне арналған мектеп бітіру салтанаты өткізілді.
2026 жылғы 18 маусым күні мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған мектеп бітіру салтанаты өткізілді.Шараға түлектердің ата-аналары, педагогтер және мектеп әкімшілігі қатысты. Салтанатты жиын барысында бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталып, оқу мен қоғамдық өмірде жоғары нәтижелер көрсеткен оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, үздік білім көрсеткіштерімен ерекшеленген түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісі мен ерекше үлгідегі аттестаттар тапсырылды.
Кеш барысында түлектер мектеп қабырғасындағы жарқын сәттерін еске алып, ұстаздарына алғыс білдірді. Ата-аналар балаларын маңызды өмірлік кезеңмен құттықтап, ақ тілектерін арнады.
Мектеп бітіру кеші салтанатты жағдайда өтіп, түлектердің жаңа өмір жолына қадам басуына арналған ерекше мерекеге айналды.