Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Емтиханға дайындық кезіндегі жаднама
12
май
2025

Емтиханға дайындық кезіндегі жаднама

Емтиханға дайындық кезіндегі жаднама

1. Алдын ала дайындық

  Емтихан кестесі мен уақытын нақты біліп алыңыз

✅ Қажетті оқу материалдарын жинаңыз (кітап, дәптер, слайдтар, т.б.)

✅ Білім алуға қолайлы орта ұйымдастырыңыз (тыныш, жарық бөлме)

✅ Жоспар құрыңыз – қай күні не оқитыныңызды белгілеп алыңыз

2. Оқу процесі кезінде

✅ Негізгі тақырыптарға көңіл бөліңіз

  Қиын сұрақтарды белгілеп қойып, бірнеше рет қайталаңыз

✅ Есте сақтау үшін сызбалар, кестелер, қысқаша конспект қолданыңыз

✅ Өзіңізге тест немесе сұрақтар қойып, жауап беріп көріңіз

✅ Топпен дайындалу да пайдалы болуы мүмкін

3. Емтихан қарсаңында

✅ Ертерек ұйықтаңыз – демалыс маңызды

✅ Барлық керек заттарды дайындаңыз (қалам, құжат, су, т.б.)

✅ Өзіңізге сенімді болыңыз – дайынсыз!

✅ Таңертең жеңіл тамақ ішіңіз

✅ Уақытымен емтихан орнына барыңыз

4. Емтихан кезінде

✅ Сұрақтарды мұқият оқыңыз

✅ Уақытты дұрыс бөліңіз

✅ Алдымен оңай сұрақтардан бастаңыз

✅ Қиын сұрақтарда уайымдамаңыз – кейін қайта оралуға болады

✅ Ең соңында жауаптарыңызды тексеріңіз




Ата-аналарға арналған емтихан жаднамасы

1. Баланың жағдайына көңіл бөліңіз

✅  Баланың демалуына және жеткілікті ұйықтауына жағдай жасаңыз

✅  Тамақтануы дұрыс әрі пайдалы болуын қадағалаңыз

✅  Эмоциялық қолдау көрсетіңіз – “Сен қолыңнан келеді” деп ынталандырыңыз

✅  Қысым көрсетпеңіз – сынақ нәтижесі өмірлік нәтиже емес екенін ескеріңіз

2. Оқу жағдайын қамтамасыз етіңіз

✅  Үйде тыныш орта орнатыңыз – теледидар/шуылдан шектеңіз

✅  Жарық әрі ыңғайлы оқу орны болуын қадағалаңыз

✅  Керек құрал-жабдықтарды дайындап беріңіз

3. Дайындық барысын бақылаңыз

✅  Балаңызбен бірге оқу жоспарын құруға көмектесіңіз

✅  Көп талап етпей, қызығушылығын оятуға тырысыңыз

✅  Қай пәндерде көмектесу керек екенін анықтаңыз

✅  Қайталану мен тест тапсырмаларына қолдау көрсетіңіз

4. Емтихан күні

✅  Баланы жылы сөзбен жіберіңіз – қобалжымауға көмектесіңіз

✅  Уақтылы тұруына және емтихан орнына кешікпеуіне көмектесіңіз

✅  Қажетті заттарын (қалам, құжат) тексеріп беріңіз








Емтихан кезіндегі психологиялық қобалжуды (стрессті, уайымды) жеңу үшін бірнеше тиімді әдістері


1. Дайындық — ең мықты қару

✅  Уақытылы және жоспарлы дайындал. Соңғы түнде оқып, бәрін жаттап үлгерем деп тырыспа.

✅  Жүйелі түрде қайталау (мысалы, күн сайын белгілі бір уақытта оқу) сенім береді.


2. Тыныс алу жаттығулары

✅  Қобалжу кезінде баяу және терең тыныс ал. Мысалы: мұрынмен 4 секунд тыныс алып, 4 секунд ұстап, ауызбен 4 секунд дем шығару.

✅  Бұл жаттығу жүйке жүйесін тыныштандырады.


3. Позитивті ойлау

✅  «Мен қолымнан келеді», «Мен дайынмын», «Мен тырыстым, нәтижесі болады» деген сияқты өз-өзіңе мотивациялық сөздер айт.

✅  Теріс ойларды тоқтатуға тырыс: «Мен ұмытам», «Бәрі қиын» сияқты ойлар сенімсіздік туғызады.


4. Емтихан алдында демалу

✅  Емтихан күні тым көп қайталауға тырыспа — бұл миға жүктеме түсіреді.

✅  Жақсы ұйқы — емтихан алдындағы басты талап.


5. Тамақ пен су

✅  Таңертең міндетті түрде жеңіл, пайдалы тамақ іш. Аш не тым тойып барма.

✅  Су ішуді ұмытпа — мидың жұмысына әсер етеді.


6. Емтихан кезінде тактика

✅  Алдымен оңай сұрақтарды орындап, өзіңе сенімділік жина.

✅  Уақытты бақылап отыру маңызды, бірақ оған тым алаңдама.

✅  Егер бір сұрақта тұрып қалсаң, келесісіне өт те, артынан қайта орал.


7. Психологиялық қолдау

✅ Туыстарыңмен, достарыңмен сөйлес — олар қолдап, сенің жағдайыңды түсінеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: