26
сентябрь
2024
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте 26.09.2024 ж күні «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» атты 1-11 сыныптар арасында оффлайн жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. Ата-аналарға арналған жиналысты мектеп директоры Умбетова Балжан Базархановна кіріспе сөз алып, қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі-балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау үшін жиналғандығын айтып өтті. Негізгі бөлімде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Н.Отарбаева әлеуметтік желідегі негізгі қауіптердің түрлерін атап, қауіптердің алдын алу үшін ата-аналар не істеу керек екендігін, ата-ана бақылауының маңызды екенін атап өтіп, ата-аналарға нақты ұсыныстар ұсынды. Мектептегі психологиялық қолдау орталықтары туралы ақпарат беріп, орталықтың сенім телефондарымен тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай, тегін мемлекеттік байланыс орталығы туралы ақпарат берді. Жиналыстың екінші бөлімінде «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиал директоры Меруерт Мәулетқызы мен «Сенімен болашақ» эксперті, тәжірибелі психолог, коуч-тренер Аширова Айгүл Исламбекқызы ата-аналарға пайдалы ақпараттар мен кеңестер беріп өтті. Жиналысқа 150-ден аса ата-ана қатысып, кері байланыс орнатып, белсенділік танытып отырды. Құрметті ата-ана! Сіздің шынайы, жылы сөзіңіз баланың болашағындағы ең құнды қазыналардың бірі болмақ. Сіздердің балаларыңыздың өміріне қосқан үслестеріңіз баға жетпес. Тек күш біріктіре отырып, біз оларға мектепте де, үйде де қауіпсіз орта жасай аламыз. Осы маңызды жұмысқа қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.