Біз туралы » Страница 5 » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көркем еңбек пәніндегі инновациялық технологиялар» қалалық семинар
13
апрель
2023
Көркем еңбек пәніндегі инновациялық технологиялар» қалалық семинар
2023 жылдың 13 сәуір күні Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте «Көркем еңбек пәніндегі инновациялық технологиялар» қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты әлемдік нарықтағы инновациялық технологияларды қолдану арқылы деңгейі жоғары, әлемдік бәсекеге қабілетті оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету, кәсіпкерлік баулу дағдысын жетілдіру. Семинарға Шапкина Светлана Корнеевна қалалық ЖТҒО әдіскері, Жаринбетова Гульсара Касымбековна Республикалық «Өрлеу» БАҰО
«Заттардың құрылысы мен қасиеттері»
06
апрель
2023
«Заттардың құрылысы мен қасиеттері»
06.04.2023 ж күні ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің онкүндігі аясында  5-сынып оқушыларымен «Заттардың құрылысы мен қасиеттері» атты тәжірибелік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар заттардың күйін, өзгеруін тәжірибе жасап көрсетіп, өздері байқаған құбылыстарға  сипаттама бере алды. Пән мұғалімі: Наймантаева Балнұр.
«Ең үздік, ең білгір, ең мықты»
05
апрель
2023
«Ең үздік, ең білгір, ең мықты»
05.04.2023 ж күні  ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің онкүндігі аясында 8-сынып оқушыларымен «Ең үздік, ең білгір, ең мықты» атты дене шынықтыру пәнімен кіріктірілген сайыс сабағы өтті. Пән мұғалімдері:Байқұтова А.А, Тоқтағұл С.Е
«Жаратылыстану  ғылымдары - әлем айнасы»
03
апрель
2023
«Жаратылыстану ғылымдары - әлем айнасы»
№141 жалпы білім беретін мектепте 03.04.2023 ж күні «Жаратылыстану  ғылымдары - әлем айнасы» атты ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің онкүндігі ашылды. Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
«Тапқыр болсаң озып көр!»  3 сыныптар арасында интеллектуалдық  сайыс сабақ
23
февраль
2023
«Тапқыр болсаң озып көр!» 3 сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс
23.02.2023 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып онкүндігінде  «Тапқыр болсаң озып көр!»  оқушылардың  жан-жақты   білімін  тексеру мақсатында  3 сыныптар арасында интеллектуалдық  сайыс сабақ ұйымдастырылды. Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Сыныптар өздеріне ұнаған ұяшықты таңдап, сұраққа жауап берді, өте жоғары дәрежеде сараланып, оқушылар тобы марапатталды.
«Күн бізден қаншалықты алыс орналасқан?»  тақырыбында ашық сабақ
23
февраль
2023
«Күн бізден қаншалықты алыс орналасқан?» тақырыбында ашық сабақ
23.02.2023 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құмарбек Құндыз Қанатбекқызы  2 «Д» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Күн бізден қаншалықты алыс орналасқан?»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтады,  ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіре білді. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Оқушылар өз білімдерін дәлелдей білді.
«Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні» тақырыбында ашық сабақ
23
февраль
2023
«Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні» тақырыбында ашық сабақ
23.02.2023 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Караул Әсел  Талгатқызы  4 «Д» сыныбында дүниетану пәнінен «Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: қай жерде тұрғаныңды түрлі табиғи  белгілерге қарап, анықтауды үйрену. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Оқушылар өз білімдерін дәлелдей білді. Әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер жоғары деңгейде қолданылды.
«Білімділер бәйгесі»1 сыныптар арасында интеллектуалды ойыны
20
февраль
2023
«Білімділер бәйгесі»1 сыныптар арасында интеллектуалды ойыны
20.02.2023 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып онкүндігінде «Білімділер бәйгесі»1 сыныптар арасында интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Сыныптар өздеріне ұнаған ұяшықты таңдап, сұраққа жауап берді, жоғары дәрежеде сараланып, оқушылар тобы марапатталды.
«Әліпби. Өтірік өлең» тақырыбында ашық сабақ
20
февраль
2023
«Әліпби. Өтірік өлең» тақырыбында ашық сабақ
20.02.2023 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зейнолданова Эльвира Қанатқызы  1 «Ғ» сыныбында ана тілі  пәнінен   «Әліпби. Өтірік өлең» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:  мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтады. Өлеңді мәнерлеп оқыды, мазмұнымен жұмыс жасады. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Оқушылар өз білімдерін дәлелдей білді. Әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер өз деңгейінде қолданылды.
«Ит адамның досы» тақырыбында ашық сабақ
17
февраль
2023
«Ит адамның досы» тақырыбында ашық сабақ
17.02.2023 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Караул Әсем  Талгатқызы  4 «Ғ» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен  «Ит адамның досы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау, туған жер, атамекен, атақоныс, бабалар елі туралы білдіру. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Оқушылар өз білімдерін дәлелдей білді.