«Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері» тақырыбында ашық сабақ
15.02.2023 ж. Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макаева Гульмайра Сакеновна 1 «Г» сыныбында математика пәнінен «Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: уақытты циферблат бойынша 12 сағаттық форматта анықтау/уақыт өлшем бірліктерін (күн, апта, ай, жыл) ажырату; жыл мезгілдері, айлар, апта күндерінің ретін білу. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Оқушылар өз білімдерін дәлелдей білді.