Көркем еңбек пәніндегі инновациялық технологиялар» қалалық семинар » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көркем еңбек пәніндегі инновациялық технологиялар» қалалық семинар
13
апрель
2023

Көркем еңбек пәніндегі инновациялық технологиялар» қалалық семинар

2023 жылдың 13 сәуір күні Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте «Көркем еңбек пәніндегі инновациялық технологиялар» қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты әлемдік нарықтағы инновациялық технологияларды қолдану арқылы деңгейі жоғары, әлемдік бәсекеге қабілетті оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету, кәсіпкерлік баулу дағдысын жетілдіру. Семинарға Шапкина Светлана Корнеевна қалалық ЖТҒО әдіскері, Жаринбетова Гульсара Касымбековна Республикалық «Өрлеу» БАҰО тренері, тәлімгер, модератор және Алматы қаласы мектептерінің көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Жапарова Салтанат Ариновна "Резинарт техникасы мен интерьер картина жасау" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Жаринбетова Гульсара Касымбековна Республикалық «Өрлеу» БАҰО тренері, тәлімгер, модератор сөз алып Жапарова С.А. көркем еңбек пәніне жаңалықтар енгізудегі еңбектерін бағалаай отырып Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен және Астана қаласында өткен «Орта білім беруді дамыту жағдайындағы білім берудегі замауи тенденциялар» тақырыбындағы халықаралық педагогикалық конференцияда ІІ орын иеленген үшін марапаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: