2 сәуір аутизм жайлы ақпарат тарату күні » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 сәуір аутизм жайлы ақпарат тарату күні
02
апрель
2021

2 сәуір аутизм жайлы ақпарат тарату күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы арнайы қарар бекітіп, аутизмге шалдыққандарға қоғамның назарын аударуды ұсынған.
2008 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің 2 - сінде атап өтіледі. 

Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. 

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. 

Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан: жалғыздықты жақсы көру, ешқашан адамға тіке қарамау, мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жесттарының болмауы, бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі, эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау, біркелкі қимылдарды қайталай береуі. 

2 сәуір қоғамға аутизм жайлы мәлімет таратуға зор мүмкіндік береді. 
Олар жайлы көп мағлұмат таратылып , қоғам қабылдап жатса , қол ұшын созып , көмек көрсетіп жатса , олардың өмір сүруге деген құлшыныстары арта түсері анық .  Сондықтан , барлығымыз аутизм туралы білуіміз керек!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: