Ата-аналар жиналысы » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2020

Ата-аналар жиналысы

№  5 хаттама 

Ата-аналар  жиналысы


Тақырыбы: ««Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай
 көмек көрсетуге болады?»
»


№141 жалпы білім беретін мектеп                                           17.09.2020 жыл


Қатысқандар: 70

Мектеп директоры Умбетова Б.Б.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Садырбаева Г.Н., Мырзагулова Г.Н.      

Директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары: Успанова А.К, Отарбаева К.Н.

Педагог-психолог: Егенбердиева М, Ташева А.

Сынып жетекшілер, ата-аналар. 

Күн тәртібінде:  

1. Мектепте жұмыс істейтін ақпараттық платформалар туралы, оқыту форматтары (синхронды, асихронды, аралас) туралы  

                          Жауапты мектеп директоры  Умбетова Б. 

2. Оқушыларды сабаққа ынталандыру және жауапкершілігін арттыру

Жауапты  мектеп психологы : Егембердиева М, Ташева А.

            3. Оқушылар үшін интернетпен жұмыс істеу қауіпсіздігі 

              Жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Успанова А, Отарбаева К.

            4. Әр түрлі мәселелер                                                                                        

1 мәселе бойынша мектеп директоры Умбетова Б.Б. сөз алып,  2020-2021 оқу жылындағы №141 жалпы білім беретін мектептің сынып жинағымен таныстырды. 2020-2021 оқу жылында 61 сынып, 1542 оқушы, МАД-та 88 оқушы білім алып жатқандығы айтылды. Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамымен таныстырды. Барлығы-115 мұғалім. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары  әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алады». Қашықтықтан оқытылатын сабақ  және оның түрлері жайлы айтып өтті. Қашықтықтан оқытылатын сабақ  - белгілі бір уақыт аралығында  қашықтықтан сабақты ұйымдастырудың формасы, мұнда мұғалім оқушыларға оқылатын материалдың негіздерін меңгеру, тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында олардың жеке және топтық іс-әрекеттерін басқарады. Қашықтықтан оқылатын сабақ оқушылардың өзіндік жұмыс жасау принципіне негізделген. Қашықтықтан оқытылатын сабақта оқушылар интерактивтік сабақтарды  алдын ала орналастырылған арнайы интернет-платформалардан алады. Мұғалім оқушының жұмысын үйлестіреді, оқушылармен кері байланыс өткізеді және   оқыту нәтижелерін бақылайды. Тікелей хабар тарату режимінде теледидар немесе  радиобағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын қашықтықтан оқытылатын сабақ. Мұғалім өзіндік жұмыстың орындалуын бақылау және бағалау  мақсатында телесабақты көргеннен кейін жанама түрде (қашықтықта) оқушымен өзара әрекеттеседі. Алматы қаласы бойынша ұсынылған платформалармен таныстырды. Online Mektep, Opiq.kz, Күнделік.kz,  Сфера, Diadema, E-learn.kz. Мектеп жұмыс істеп жатқан платформалар: Online Mektep, ZOOM, Күнделік.kz,  Сфераны айтта өтті. Оқу форматтары қашықтан оқыту және дәстүрлі оқыту екендігі айтылды. Қашықтықтан оқыту түрлері синхронды оқыту және асинхронды оқыту екендігі таныстырылды. 

2 мәселе бойынша мектептің педагог-психологі Егенбердиева Мөлдір сөз алып, Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыруға болады? атты тақырыпта психологиялық кеңес берді. Баланың оқуға деген ынтасын арттырудың ең танымал себептері мен таныстырды. Балаңызбен мектеп және білім алу қаншалықты маңызды екені туралы сөйлесіңіз. Бұл өте маңызды.Оң әрекеттерді мақтап отырыңыз. Баланың жаман қылықтарына, не теріс мінезіне ғана назар аударып, шүйліге берудің қажеті жоқ. Ең бастысы – балаңыздың мектептегі үлгерімі мен іс-әрекеттерін қадағалап жүретін мұғалімдерімен үнемі үздіксіз байланыста болыңыз. Мадақтау жүйесін жасаңыз (бүкіл отбасы алдында мақтау). Лайықты ісі үшін мақтаңыз – ынтасын арттырыңыз. Оқушының жауапкершілігін арттыру жайлы айтылды. Ол үшін Сабаққа арналған киімді таңдаңыз,өзінің сыртқы келбетін тазалықта және ұқыптылықта ұстауға; мұғалімдердің ескертулерін дұрыс қабылдап және сынға оң әрекет етуге;Оқымысты,білімді адам болуға талпыну; Қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге ұмтылу; Өз қабілеттерін дамытуға және көшбасшы болуға ұмтылу;  оқу «қажеттілігі»оқушы мәртебесі екендігі айтылды. Балаға оқу қажеттілігі үшін ата-ананың балаға  мән беру,уақыт бөлу, ата-ананың жылуы және ақыл кеңесі  керектігі айтылды. Сонымен қатар ата-анаға психологиялық кеңестер берілді. Егер ата-аналар үнемі кітап оқып, өмір бойы оқуды жалғастырса, мәдениетке қызығушылық танытса және әуес ісіне уақыт бөлсе, бала білім алуға ұмтылады. Алынған білімді тәжірбиеде қалай қолдану керектігін көрсетіңіз. Балалардың талпынысынтарын қолдаңыз. Балаға карантин демалыс емес, аурудың алдын алуға бағытталған уақытша шара екенін түсіндіріңіз. 

3 мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Успанова А, Отарбаева К сөз алып, оқушылардың интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі жайлы айтты. Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын үнемі бақылауда ұстау керектігі жайлы  айтып, біршама кеңес берді. Компьютерді көрінетін жерге қойыңыз; Сабақтан тыс уақытта Интернетпен ойын уақытын шектеңіз (күніне 15-30 минут); Балаңыздың Интернетке кіру тарихына қызығушылық танытыңыз;Балаңызбен компьютерде немесе мобильді құрылғыда не көретіні және немен айналысатыны туралы сөйлесіңіз;Балаларға компьютерде тиімді уақыт өткізуді және нақты дағдыларды игеруді ұсыныңыз;Үлгі болыңыз. Өзіңіз де баланың  алдында интернет желісінде отырмаңыз. Балалар көбінесе ата-аналарының мінез-құлқын қайталайды.

Интернеттегі қауіпсіздік бойынша ата-аналарға арналған жадынамамен таныстырды. Орта буындағы балалардың ата-аналарына кеңес (10-13 жас) төмендегідей кеңес берді.

Өзі туралы ақпарттық құпиялығын баланың есіне салып отырыңыз

Ғаламтордан бағдарлама немесе файл жүктер алдында рұқсат сұрауға үйретіңіз

  • Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден ата-анасына айту керек
  • Балаңыздың электронды поштасымен танысуға рұқсат беруін талап етіңіз
  • Балаға ғаламтордағы жауапкершілік пен өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайында түсіндіріңіз

Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес (14-17 жас) төмендегідей кеңес берді.

  • Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын пайдаланып жүргенін бақылаңыз
  • Балаңыздың ғаламтор арқылы танысқан адаммен кездесуіне рұқсат бермеңіз
  • Өзің туралы ақпарат берудің құпия болудың мәнін түсіндіріңіз
  • Балаға спамнан қорғануға көмектесіңіз
  • Балаңыздың ғаламторды бұзақылық үшін пайдалануына жол бермеңіз
  • Жасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда сізбен ақылдасатын болсын
  • Балаңыз құмар ойындарды және олардың зияны туралы талқылаңыз

Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) жауапкершілігімен таныстырды. Баланы қашықтан оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасаңыз. компьютер мен Интернетті қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етіңіз; баланың оқу кестесі мен тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз етіңіз; сынып жетекшімен тығыз байланыста болыңыз;   егер отбасы білім беру ұйымымен қажетті техникамен қамтамасыз етілген жағдайда, жабдықтың сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету керектігі жайлы түсіндіріп өтті.  

    Ата-ана тарапынан қойылған сұрақтар: 1«Д» сыныбының ата-анасы                  Тулебаева Баян «Қай платформамен оқыту тиімді?», «Оқушыларды білімге ынталандыру үшін мұғалімдер тарапынан қандай әрекеттер жүргізілуде?» Мектеп директоры Б.Б.Умбетова: бейнеконференция арқылы zoom, onlainmektep, отандық өнім сфера арқылы оқытудың тиімді екенін айтты. Мектептің педагог-психолог Егембердиева Мөлдір: баланы ынталандыру үшін бірінші ата-ана және мұғалімдер тарапынан үнемі баланы мадақтау, мақтап отыру керектігін айтты.

 Майлыбаев Ерсайын 4,7 «Б» сыныбының ата-анасы: ұстаздарға пандемия кезінде сабақтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқандығына алғыс айтып, көпбалалы ата-ана ретінде мектеп тарапынан берілген көмекке өз алғысын білдірді.


Шешімі:

  1. Мектепте жұмыс істейтін ақпараттық платформалар туралы сынып жетекшілер ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыс жүргізілсін;
  2. Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға ынталандыру үшін үнемі мектеп психологі психологиялық кеңестер берілсін;
  3. Оқушылардың интернеттегі жұмыс істеу қауіпсіздігі ата-ана және сынып жетекші тарапынан қадағалауға алынсын;



Жиналыс төрайымы:                           Умбетова Б.Б.


       Хатшысы:                                      Отарбаева К.Н






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: