"Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек көрсетуге болады?" атты бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек көрсетуге болады?" атты бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
17
сентябрь
2020

"Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек көрсетуге болады?" атты бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті" 14 қыркүйек 18-2/469  хаты негізінде  17.09.2020 жылы 1-4 сыныптар, 5-11 сыныптар үшін жеке-жеке мектебімізде" Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай  көмек көрсетуге болады?" атты  бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді.  Күн тәртібінде: Мектепте жұмыс істейтін ақпараттық платформалар туралы, оқыту форматтары (синхронды, асинхронды, аралас) туралы  мектеп директоры  Б.Умбетова айтып өтті. Мектеп педагог-психологы  М.Егембердиева , А.Ташева оқушыларды сабаққа ынталандыру және жауапкершілігін арттыру мақсатында «Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыруға болады?» атты тақырыпта психологиялық кеңес берді. Баланың оқуға деген ынтасын арттырудың ең танымал себептерімен таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Успанова, К.Отарбаева сөз алып, оқушылардың интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі жайлы айтты. Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын үнемі бақылауда ұстау керектігі жайлы  кеңестер берілді. Ата-аналар жиналыс соңында ұстаздарға, мектеп әкімшілігіне сұрақтар қойып, өз ұсыныстары мен  алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: