30
январь
2025
«Еңбегі адал жас өрен»
Мектебімізде 30.01.2025ж. Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» атты әлеуметтік жоба аясында білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында 10-11-сынып оқушыларының ата-анасымен жиналыс өткізілді.
Мектеп директоры Умбетова Б.Б. сөз алып, жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. Жиналыстың бірінші бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садырбаева Г.Н. «Бүгінгі оқушы-ертеңгі маман» атты баяндамасында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының гранттары туралы мәлімет және мектеп түлектерінің соңғы үш жылдағы жоғары оқу орнына түсу мониторингісімен таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Бұлақ көрсең, көзін аш » атты тренингті тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі Алигулова А.М. жүргізді. Тренингтің мақсаты - әр оқушының болашақта мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ету.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе - пән мұғалімдері мен ата-аналардың бетпе-бет кездесуі болды. Бұл іс шара арқылы ата –аналар балаларының оқу үлгеріміндегі жетістіктері туралы нақты ақпараттар алды. Жиналысқа келген ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.