26
апрель
2024
Қамқоршылық кеңес мүшелерімен есеп беру кездесуі
Білім беру ұйымдарындағы негізгі медиа жоспарға сәйкес директорлардың ата-аналармен есеп беру кездесуі жоспарланған. Осыған орай 26.04.2024 ж күні №141 жалпы білім беретін мектеп директоры Умбетова Балжан Базархановна қамқоршылық кеңес мүшелерімен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге 1-11 сынып ата-аналарының қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты. Мақсаты: Мемлекет басшысының саясатының жүзеге асырылуы, ай сайын атқарылған жұмыстар, оқушылардың жетістіктері туралы ақпарат беру.