«Оқу дағдысын қалыптастыру арқылы оқушының танымы мен ойлау жүйесін дамыту» » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқу дағдысын қалыптастыру арқылы оқушының танымы мен ойлау жүйесін дамыту»
31
январь
2024

«Оқу дағдысын қалыптастыру арқылы оқушының танымы мен ойлау жүйесін дамыту»

Алматы қаласы Әуезов ауданында 2024 жылдың 31 қаңтар күні №141 жалпы білім беретін мектепте «Оқу дағдысын қалыптастыру арқылы оқушының танымы мен ойлау жүйесін дамыту» тақырыбында Әуезов ауданы мектептерінің қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің жас мамандарына арналған аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға оқылым дағдыларын меңгерте отырып, тілді нақты өмірде қолдана алуына мүмкіндік туғызу. Мектеп директоры Умбетова Балжан Базархановна семинардың бағдарламасын қатысушы жас мамандарға таныстырып, ашып берді. Әуезов аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Ж. Ногайсарина семинарға қатысушы жас мамандарға сәттілік тіледі. Семинар барысында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Диманбаева Динара Майдуновнаның жетекшілігімен «Оқылым атмосферасы» атты театрландырылған көрініс, ағылшын тілі пәні мұғалімі Камзаева Асел Бакытовна «Two short texts» тақырыбындағы ашық сабақ, «Almaty Ustazy-2023» конкурсының ІІІ дәрежелі диплом иегері, ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтбақы Мақпал Нұргелдіқызы «Оқу дағдыларын түрлендіріп оқыту» атты шеберлік сабағын өткізіп, педагог-психолог Егембердиева Мөлдір Даулетбаевна жас мамандармен психологиялық тренинг жүргізілді. Бүгінгі семинар еңбек жолын бастап жатқан жас мамандар үшін құндылығымен ерекшеленіп, семинар соңында қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, тиімді кері байланыс жасалынды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: