Іс-шаралар » Страница 4 » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қош бол, сүйікті Әліппем!
22
декабрь
2023
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Алматы қаласы № 141 жалпы білім беретін мектепте 22.12.2023 ж 1-сынып оқушыларының "Қош бол, сүйікті Әліппем!" кеші өтті.  
«Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» блиц-турнир
08
декабрь
2023
«Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» блиц-турнир
08.12.23 ж күні Ғылыми-жаратылыстану пәндер бірлестігінің «Әлемді ғылым арқылы тану – табиғаттың сырын табу» атты онкүндік аясында  9 - сыныптар арасында «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» блиц-турнир өтті. Мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, алған білімдерін қолдана білуге дағдыландыру, биология сабағына қызығушылықтарын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Пән мұғалімі: Кайынбаева Б.О.
"Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соқсын жүрегім"
08
декабрь
2023
"Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соқсын жүрегім"
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №141 жалпы білім беретін мектепте                   08.12.2023 ж күні ҚР Тәуелсіздігінің 32 жылдығына, Желтоқсан көтерілісінің 37 жылдығына орай Желтоқсан қаһарманы, еліміздің тәуелсіздігін алуға ат салысқан әріптесіміз, мектебіміздің математика пәні мұғалімі       Сулейменова Жанар Жакуллақызының азаматтық ерлігін насихаттауға арналған "Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соқсын жүрегім" атты 8-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: жастарымыздың
"Туған өлке табиғаты" тақырыбында интеллектуалдық-шығармашылық байқау
07
декабрь
2023
"Туған өлке табиғаты" тақырыбында интеллектуалдық-шығармашылық байқау
07.12.2023 ж күні  ғылыми-жаратылыстану пәндер бірлестігінің «Әлемді ғылым арқылы тану – табиғаттың сырын табу» атты онкүндік аясында  8 сынып оқушылары арасында "Туған өлке табиғаты" тақырыбында интеллектуалдық-шығармашылық байқау өткізілді. Ұйымдастырушы: биология пәні мұғалімі Абдигапбарова К.Т.  
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран»
02
декабрь
2023
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран»
Бүгін 02.12.2023 ж күні сағат 11.00-де Окушылар сарайында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдаудың қалалық салтанатты рәсімі өтті. Біздің патриот оқушыларымыз балалар ұйымының белсенді және жауапты қатысушылары болуға уәде беріп, мақтанышпен ант берді! Бұл іс-шара алдағы аптада мектебімізде жалғасын табады.
Ата-аналар жиналысы
17
ноябрь
2023
Ата-аналар жиналысы
№141 жалпы білім беретін мектепте 2023 жылдың 15, 16,17 қараша күндері ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде 1-сыныптарда «Әрбір бала-жарық жұлдыз: жарқырауына жәрдемдес», 2,3,4 сыныптарда «Білімдіге дүние жарық» Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?, 5,6,7 сыныптарда  «Ақыл айтпа, жол көрсет: Жасөспірімнің бейімделуі», 8,9,10,11 сыныптарда «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...» Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу –тұлға қалыптасуының негізі,
"Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі"
17
ноябрь
2023
"Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі"
17.11.2023ж күні "Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі" атты эстетикалық пәндер әдістеме бірлестігінің онкүндігін қорытындылау аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері Асылбек Райханұлы Боранбаевпен және еркін күрестен Қазақстанның ұлттық құрама мүшесі, Республикалық дарынды балаларға арналған спорт-интернатының 11 сынып оқушысы, ҚР чемпионы Әкімжан Бақдәулет Бақытжанұлымен "Өнерім - өмірім"
"МЕН -КӨШБАСШЫМЫН"
15
ноябрь
2023
"МЕН -КӨШБАСШЫМЫН"
Бүгін 15.11.2023 ж күні Әуезов ауданы білім беру ұйымдарында мектеп парламенттері арасында "МЕН -КӨШБАСШЫМЫН" атты слетінде өз көзқарасын білдіріп, балалар ортасында жоғары адамгершілік-рухани мәдениетті, патриоттық сезіммен парламенттік жауапкершілікті қалыптастыруда белсенділік танытып, көшбасшылардың аудандық слетта қатысып, №141ЖББМ-тің 9"Ә" сынып оқушысы, өзін-өзі басқару ұйымының Президенті Баймуратова Арай мадақтамамен, білім беру ұйымдарында мектеп парламенттері көшбасшыларының аудандық
"Толағай"
14
ноябрь
2023
"Толағай"
14.11.2023ж күні "Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі" атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында "Толағай" эстафеталық жарысы 2 -сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  Ойын қорытындысы бойынша "Қыран" тобы І орын, "Тұлпар" тобы ІІ орын, "Сұңқар" тобы ІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
"Ұлттық спорт"
13
ноябрь
2023
"Ұлттық спорт"
13.11.2023ж күні "Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі"  атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында "Ұлттық спорт" жарысы 8-9 сыныптар арасында өткізілді.  Мақсаты: Оқушылардың арасында ұлттық ойындарын насихаттау. Қазақтың ұлттық ойындары: қол күрес, бұқа тартыс, арқан тартыс ойындары арқылы оқушылардың бойына ұлттық бірегейлікті сақтау, патриоттық сезімдерін жетілдіру. Жарыс қорытындысы бойынша: Бас жүлде 9"Ә"  сыныбы,  І орын 9" Г", ІІ орын 9" В", ІІІ орынды 8" Г"