"Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соқсын жүрегім" » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соқсын жүрегім"
08
декабрь
2023

"Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соқсын жүрегім"

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №141 жалпы білім беретін мектепте                   08.12.2023 ж күні ҚР Тәуелсіздігінің 32 жылдығына, Желтоқсан көтерілісінің 37 жылдығына орай Желтоқсан қаһарманы, еліміздің тәуелсіздігін алуға ат салысқан әріптесіміз, мектебіміздің математика пәні мұғалімі       Сулейменова Жанар Жакуллақызының азаматтық ерлігін насихаттауға арналған "Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соқсын жүрегім" атты 8-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: жастарымыздың бойында патриоттық сезімдерін ояту, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып қалыптастыру. Кездесуге Әуезов аудандық  ардагерлер кеңесінің төрайымы Ибраева Батима Сапақызы қатысып, мерекемен құттықтады. Жанар Жакуллақызы бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы жарлығы бойынша ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл, ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл ,  Желтоқсан көтерілісіне - 25 жыл естелік медалі, Желтоқсан көтерілісіне - 30 жыл естелік медалі, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында  ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен, «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігі «1986 Желтоқсан көтерілісі» естелік медалімен марапатталған. Бүгінгі ұрпағымызға батырлықтың,  адалдықтың ең  бастысы еліне деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсеткен Жанар Жакуллақызы мектебіміздің  үздік  математика пәнінің мұғалімі, өз мамандығын жетік меңгерген, шығармашылық ізденіспен жұмыс жасайтын  оқытуда қазіргі заманға сай әдіс–тәсілдерді қолдана білетін ұстаз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: