"Менің бауырым" еріктілер жобасы » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің бауырым" еріктілер жобасы
04
апрель
2024

"Менің бауырым" еріктілер жобасы

Балалардың құқықтарын қорғау және балалар саласындағы жобаларды тиімді басқару мақсатында "Менің бауырым" еріктілер жобасы аясында 2024 жылдың 4 сәуір күні Инновациялық техникалық колледж еріктілері Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектептің басшылығымен және әкімшілікпен кездесу ұйымдастырылды. Еріктілерге жұмыс істеу үшін 5 "Ғ", 6"А", 7"А" сыныптары бекітілді. Кездесу барысында студенттер волонтерлік қызмет, "Менің бауырым" жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Еріктілер 6"А" сынып оқушыларымен "Гарри Поттер" квестін өткізді, бұл жобада оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеуге, мұқтаж жандарға көмекке келуге, әрі жақысылық жасауға дәріптейді. Адамдар басқа адамдарға көмектесу және өмірлік тәжірибе алу үшін еріктілер болады. Еріктілік қызмет сізге және айналаңыздағы әлемге жаңа көзқараспен қарауға, жаңа нәрсені үйренуге және қызықты адамдармен танысуға көптеген мүмкіндіктер береді.#menin_bauyrym

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: