«Әке –асқар тау, биік шың!» атты әкелер форумы » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әке –асқар тау, биік шың!» атты әкелер форумы
13
октябрь
2023

«Әке –асқар тау, биік шың!» атты әкелер форумы

Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте 2023 жылдың қазан айының 13 күні «Ұрпақ болашағы –тәрбие мен білімде !» атты сынып жетекшілер онкүндігі аясында «Әке –асқар тау, биік шың!» атты әкелер форумы өтті.
Форумның мақсаты қоғамдағы әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау, ұрпақ болашағына тигізер ықпалын түсіну. Позитивті әкенің моделін жасай  отырып, отбасындағы әкенің рөлін биіктету, нәтижесінде сол әкенің  тәрбиелеп  отырған  балаларының әрқашан  позитивті болып, білім алуға дайын болуға ықпал еткіміз келеді. Форумның ашылу  салтанатында Hassak тобының мүшесі, мектебіміздің домбыра үйірмесінің жетекшісі Дархан Әлімғазы @khan_hassak @hassak_official талантты әнші, ата-ана Жолдасбек Абдиханов @zholdasbek_abdikhanov өнер көрсетті. Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері, педагог-психолог
Магзумова Назым Куандыковна
"Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту"тақырыбындағы тренинг жүргізді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс тобының жетекшісі,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Отарбаева Камила Нартаевна "Позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында баяндама жасап, бала тәрбиесінде әкелерге арналған жадынамамен бөлісіп, кері байланыс жүргізіп отырды. Форумның қатысушылары  педагогикалық, психологиялық тренингтер барысында  белсенді түрде ат салысып,  қамқоршылық кеңестің төрағасы Искаков  Естай  осындай іс шаралар алдағы уақытта жалғасын тапса деген ұсыныс білдірді, форум соңында мектеп директоры Умбетова Балжан Базархановна  оқу-тәрбие процесінде ата-аналарды белсенді болуға тартып, форумға қатысушы қонақтарға алғыс білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: