«Тазалық – табалдырықтан басталады»
27.03.2024 ж күні Наурызнама онкүндігіне "Тазару" күніне орай жалпыұлттық экологиялық акция аясында мектеп аумағына сенбілік ұйымдастырылды. №141 жалпы білім беретін мектеп ұжымы бір кісідей атсалысып, мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.