Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2026

Ата-аналар назарына!

Ата-аналар назарына!
Оқу жылының аяқталуына байланысты мектептерде түрлі іс-шаралар, соның ішінде бітіру кештерін ұйымдастыру мәселесі өзекті бола түсуде. Бітіру кеші — әр оқушы үшін маңызды әрі есте қаларлық кезең екені сөзсіз. Алайда соңғы уақытта мұндай іс-шараларды шамадан тыс сән-салтанатпен өткізу, сондай-ақ ата-аналардан әртүрлі мақсатта қаражат жинау жағдайлары жиілеп отыр.
Осыған орай, Алматы қаласы №141 мектебі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде төмендегі талаптарды қатаң сақтауды ескертеді:
🚫 Мұғалімдерге сыйлық жасауға және ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады
🚫 Аниматорлар, студиялар, агенттіктер шақыруға жол берілмейді
🚫 Мектеп қажеттіліктеріне ата-аналардан қаражат жинауға рұқсат етілмейді
🚫 Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орындарына (мейрамхана, демалыс орындары және т.б.) баруға тыйым салынады
🚫 Мектеп аумағында және мектептен тыс жерлерде мерекелік дастархан ұйымдастыруға болмайды
Қорытынды аттестаттау кезеңінде оқушылар мектеп формасын сақтап, белгіленген тәртіп пен жауапкершілікті қатаң ұстануы тиіс.
❗ Аталған талаптар 4, 9 және 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей қатысты. Негізгі мақсат — білім беру үдерісінде әділдікті қамтамасыз ету, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Құрметті ата-аналар! Осы талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігі мен тәртібіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Ізгі ниетпен,
Алматы қаласы №141 мектебінің директоры
Жумашева Газиза Карагуловна

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: