23
январь
2025
PARENTS -TEACHER MEETING/ ата-анамен мұғалім кездесуі іс шарасы
Алматы қаласы Әуезов ауданы «№141 жалпы білім беретін мектепте» жоспарға сәйкес І-ІІ тоқсанның қорытындысы негізінде 23 қаңтар күні сағат 15:00-17:00 аралығында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған мектебімізде PARENTS -TEACHER MEETING/ ата-анамен мұғалім кездесуі іс шарасы өтті. Мақсаты: ата-ана жеке әрбір ұстазбен кездесіп баласының оқу үлгерімі және тәрбиесі туралы толық мағлұмат алу мүмкіндігі болып табылды. Кездесу соңында ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, кері байланыс қалдырды.