15
апрель
2026
5 «В» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Мен ғарышкер боламын!» тақырыбында сабақ өткізілді
15.04.2026 ж. 5 «В» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Мен ғарышкер боламын!» тақырыбында сабақ өткізілді Сабақтың мақсаты: жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтай отырып хат құрастырып жазу, сондай-ақ төл сөз, төлеу сөз және автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар хаттың құрылымымен танысып, берілген тақырып бойынша өз ойларын жүйелі жеткізе отырып хат жазды. Сонымен қатар төл сөз, төлеу сөз, автор сөзіне байланысты тыныс белгілерін қолдану бойынша жаттығу жұмыстарын орындады
Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, шығармашылық тапсырмалар орындау барысында қызығушылық танытты. Сабақ мақсатына қол жеткізілді ⭐