Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » СФЕРА платформасын қолдану бойынша оқыту семинары
25
февраль
2021

СФЕРА платформасын қолдану бойынша оқыту семинары

Алматы қаласы,  Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Садырбаева эстетикалық, қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдерімен  қашықтан оқыту жүйесіне арналған СФЕРА платформасын  қолдану бойынша оқыту семинарын өткізіп, осы платформаны пайдаланып жүрген мектеп мұғалімдерімен өзара пікір алмасып, қосымша ақпараттармен бөлісті.    Семинар барысында қазіргі таңда қолданысқа ие платформа жайлы информатика пәні мұғалімі А.Баймендинова    мұғалімдерге аталған платформаны қолдану,  оқушылар мен ұстаздардың тіркелу мәселесі,  сабақ кестесін құру, онлайн сабақ өткізу жұмыстары бойынша кейбір ақпараттарды кеңінен  таныстырды. Ал, бірлестік  мұғалімдері отандық өнімді  осы уақытқа дейін  пайдаланып  жүргендігін және оқушылар мен мұғалімдер үшін тиімді, әрі оңай екенін тілге тиек етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: