№ 4 хаттама Ата –аналар жиналысы » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 4 хаттама Ата –аналар жиналысы
15
май
2018

№ 4 хаттама Ата –аналар жиналысы

№ 4хаттама

Ата –аналар жиналысы

Білімді ұлт-білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы

15.05.2018 жыл

Қатысқандар:

Ата-аналар адам

Мектеп директоры м.а. Умбетова Б.Б.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Касбакова Б.А.

Садырбаева Г.Н.

Директордың тәрбие ісі-жөніндегіорынбасарлары:

Салқынбекова А.Л.

Успанова А.К.

Күн тәртібінде:

1. «Жыл табысы» республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері

жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Касбакова Б.А.

 

2. Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру

жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Успанова А.К.

3. 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары

жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садырбаева Г.Н.

4.Оқу процесін цифрландыру

жауапты информатика пәні мұғалімі Баймендинова А.

5.Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс –қимылын күшейту

Жауапты мектеп директорыУмбетова Б.Б.

 

 

Жиналыста бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Касбакова Б.А. мектептің жетістіктері туралы айтты. Аудандық, қалалық, республикалық жүлделі оқушылардың және жетекші мұғалімдердің марапаттауларымен таныстырды. Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Успанова А.К. «Рухани жаңғыру» негізінде тәрбие бойынша мектепішілік өтіп жатқан іс-шаралар және нәтижелерімен таныстырды «Рухани жаңғыру » «Тәрбие жәнебілім» кіші бағдарламасы үш бөлімнентұрады, «Отаным-тағдырым», «Өлкетану», «Саналы азамат » осы бөлімдер аясында өткен жұмыстар өз деңгейінде өтілгенін мәлімдеді. Үшінші мәселе бойынша мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Садырбаева Г.Н. қорытынды аттестаттау туралы мәліметтермен таныстырды. Биылғы оқу жылында кіріп отырған жаңалықтармен ата-аналарды таныстырды. Төртінші мәселе бойынша мектеп директоры Умбетова Б.Б. сөз алып,мектептің қамқоршылық кеңесі құрылғаны және оның мақсаты туралы айтты.

Сөз соңында 9«г»сынып оқушысының ата-анасы Бопай Болат сөз алып, ата-ана мен отбасы арасындағы байланыс туралы қысқаша айтып, мектепте құрылып жатқан қамқоршылық кеңестің құрылғанын, оның қажеттілігін атап өтті.

 

Шешім:

1. Мектеп жетістіктері жыл соңында бағаланып, мониторингісі шығарылып, келесі оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттер анықталып, жоспарға енгізілсін

2. «Рухани жаңғыру » бойынша жұмыстар жүйеленіп, БАҚ құралдарына жіберілсін

3. Мектеп Қамқоршылық кеңесінің жұмысы күшейтілсін

 

 

Жауапты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Касбакова Б.А.

Успанова А.К.

 

№ 141 жалпы білім беретін директорының м.а. Умбетова Б.Б.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

15 апрель 2014 Мектеп ережесі
11 апрель 2014 Мектеп туралы