Ата –аналар жиналысы » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2018

Ата –аналар жиналысы

№141 жалпы білім беретін мектеп

Ата –аналар жиналысы

Анықтама

 

Өтетін күні: 2018 жылғы 15 мамыр

Өтетін уақыты: сағат 18.30

Тақырыбы: Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.

Ата-ана жиналысы Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) арналады. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады.

Ата –аналар жиналысы

 

 

Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі.

Жиналыста бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Касбакова Б.А.мектептің жетістіктері туралы айтты. Аудандық, қалалық, республикалық жүлделі оқушылардың және жетекші мұғалімдердің марапаттауларымен таныстырды. Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Успанова А.К. «Рухани жаңғыру» негізінде тәрбие бойыншамектепішілік өтіп жатқан іс-шаралар және нәтижелерімен таныстырды «Рухани жаңғыру » «Тәрбие жәнебілім» кіші бағдарламасы үш бөлімнентұрады, «Отаным-тағдырым», «Өлкетану», «Саналы азамат » осы бөлімдер аясында өткен жұмыстар өз деңгейінде өтілгенін мәлімдеді. Үшінші мәселе бойынша мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Садырбаева Г.Н. қорытынды аттестаттау туралы мәліметтермен таныстырды. Биылғы оқу жылында кіріп отырған жаңалықтармен ата-аналарды таныстырды. Төртінші мәселе бойынша мектеп директоры Умбетова Б.Б. сөз алып,мектептің қамқоршылық кеңесі құрылғаны және оның мақсаты туралы айтты.

Сөз соңында 9«г»сынып оқушысының ата-анасы Бопай Болат сөз алып, ата-ана мен отбасы арасындағы байланыс туралы қысқаша айтып, мектепте құрылып жатқан қамқоршылық кеңестің құрылғанын, оның қажеттілігін атап өтті.

Ата –аналар жиналысы

 

Ата –аналар жиналысы

 

Ата –аналар жиналысы

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

15 апрель 2014 Мектеп ережесі
11 апрель 2014 Мектеп туралы