Мектеп тарихы » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2014

Мектеп тарихы

  

 Мектеп тарихы№ 141 жалпы білім беретін мектебі 1989-1990 оқу жылында № 126 орыс мектебінің жанынан ашылған 1 а ,ә ( 2 класс комплектісі ) кластарымен оқу жылын бастады.     

       1991-1992 оқу жылында 1200 оқушыға арналған мектеп ғимараты пайдалануға беріліп, 32 мұғаліммен,355 оқушымен,13 класс комплектісімен жаңа оқу жылын бастады.

       Қазақ мектебінің ашылуына Қазақ тілі қоғамы мен ата-аналардың көмегі ерекше болды.

       1989-1990 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 класс оқушылары негізгі мектепті 1999-2000 оқу жылында 126 оқушы , оның ішінде 11 оқушы Ерекше үлгідегі үздік аттестатпен бітірді.

        1990 жылдан бүгінгі күнге дейін мектепті 1353 түлек бітіріп, оның ішінде    7 оқушы алтын белгіге ,46 оқушы Ерекше белгідегі үздік аттестатқа бітірді.  Қазақстан ғылымын дамытуда үлес қосып жүрген мектеп түлектерін атап өтуге болады.

v Шоңғараева Лаура Уәлиқызы-философия ғылымының кандидаты

 

v Нұрмұханбетов Данияр – заң ғылымының кандидаты

.

v Бақтыбаев Әлібек – педагогика ғылымының кандидаты.

 

v Нұрқамытова Әсел - педагогика ғылымының кандидаты.

 

  Мектеп түлектерінің ішінен шетелде білім алып жатқандары , ақпарат саласында қызмет атқарып жүрген мектеп мақтаныштары :

v Аязбаева Бота – "Болашақ”  бағдарламасы бойынша білім алып, филология ғылымы саласында қызметте.

 

v Ахметсадықова Назия –Қытай Халық Республикасында " Болашақ” бағдарламасы бойынша оқуда

 

v Кебектаева Ғалия – Англияда " Болашақ” бағдарламасы бойынша оқуда.

 

v Өмірзақова Анар – Вашингтон қаласында магистратурада оқиды.

 

v Ахметова Сауле – Ағылшын, түрік тілдерінен аудармашы қызметінде.

 

v Бекбосынова Мәншүк – Алматы ақшамы газетінде журналист  қызметінде.

v Бердалиев Дауырхан – мемлекеттік қызметте.

 

v Айбар Олжай – Астана телеарнасының тілшісі

 

v Мусралиева Жанна  -  журналист

 

   Мектеп түлектерінің спорт саласында да сіңірген еңбектері   орасан зор.

 

v Оразалинов Олжас – "Қайрат”  футбол командасының мүшесі.

 

v Ташимова Эльвира – кинг- боксингтан Грецияда өткен Еуропа чемпионы, алтын алқа иегері.

 

v Ауталип Саин – спорттық гимнастикадан 2002 жылы Балтық – Ресей, ТМД елдері арасындағы халықаралық жас өспірімдердің спорттық ойындарында еркінжаттығудан алтын медаль иегері, 2002 жылы мектеп оқушылары арасында өткен спорттық  гимнастиканың әр түрінен 5 алтын медальдің иегері, 2006 жылы Азия құрлығы спорт гимнастикасынан Индияда өткен жарыстың қола медаль иегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Халықаралық    дәрежедегі  спорт шебері , бірнеше мәрте спорт гимнастикасынан Қазақстан чемпионы, спорттық гимнастикадан Қазақстан Ұлттық  Құрама команда мүшесі.

             

              Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы болашақта  мамандық таңдауына , ғылымға деген қызығушылығын арттыруда әсері мол.

 

v Карибаев Еркебұлан –орыс тілі пәнінен Республикалық олимпиада жүлдегері. /2000 жыл. Пән мұғалімі Джалпақова Р.Ж./

v Бейсенханова Найля-орыс тілі пәнінен Республикалық олимпиадада II орын . / 2001 жыл. Пән мұғалімі Джалпақова Р.Ж./

v Дербісалин Әлібек – IV Республикалық ғылыми жобада техника саласы бойынша II желі диплом иегері. /2002 жыл./

v Шахов Асылбек – Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының астрономия секциясы бойынша I дәрежелі дипломмен ,математика пәнінен қалалық олимпиададан

II орын I дәржелі дипломмен марапатталды. /2003 жыл. Пән мұғалімдері Дәрменбекова Гүлмира, Бейсенова Ғайша /

v Дәлібаева Дана – Литва Республикасының Каунас қаласында өткен өнер байқауының дипломанты./ 2003 жыл.Жетекшісі Салқынбекова Ақмарал./

       Алматы аймақтық Республикалық ауызша командалық олимпйада жүлдегерлері: 8 б класс оқушылары  Сағымбаева Әнел мен Қаділбеков Арман 1  дәрежелі дипломмен, Садықова Жәмила Құрмет грамамотасымен марапатталды. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: