"Былғары доп" » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2023

"Былғары доп"

15.11.2023 күні "Эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі" атты Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында дене шынықтыру пәні бойынша "Былғары доп" футболдан мектепшілік олимпиадасы өтті. Мақсаты: оқушыларға футбол ойындарының ережесін үйрету. Оқушылардың ептілік, жылдамдық, шыдамдық, төзімділік қабілеттерін дамыту. Олимпиаданың нәтижесі бойынша 
Кедергілер арқылы доппен жүгіруден 7"А" сынып оқушысы Айтмырза Нұрмұхамед  жақсы нәтиже көрсетіп, мақтау қағазымен марапатталды. Допты ауада тебу жаттығуын жылдам орындағаны үшін, 7"Ә" сынып оқушысы Нұрмағанбетов Арыстанбек марапатталды. Допты дәлдікке тебу бойынша 7"Г" сыныбының оқушысы Максим Бақытжан марапатталды. 
Кедергілер арасында допты алып жүруден қыздар арасында 7"А" сынып оқушысы Пышақбаева Айкүн және допты дәлдікке тебуден  7"А" сынып оқушысы Жанабіл  Гаухар марапатталды. 
Құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: