Шәкірт тәрбиелеудегі ардақты іс » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2021

Шәкірт тәрбиелеудегі ардақты іс

   Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.  Ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген.    Ұлы ұстаздардың  еңбектерін зерттеп, болашақта қазақ мектептерінің мәртебесін асқақтатын жас мамандардың білімдерін шыңдауға бағытталған, ұстаздық жолды таңдаған жас мамандармен, Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектебінде «Ақылды сабақ» 2 кезеңнен тұратын байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: білім беру сапасын көтеру, заманауи білім беру үлгісін жетілдіру және жаңаландыру бойынша жас ұстаздардың педагогикалық ой-ізденістерін дамыту, кәсіби біліктіліктерін шыңдау. Бұл байқауға «Жас маман» мектебінің құрамындағы 24 жас маман қатысып,байқаудың ережесіне сәйкес  01.03.2021ж. эссе жазды. Эссе  тақырыптары: «Менің педагогикалық ұстанымым», «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығы», «Ыбырай Алтынсарин - білімнің туын асқақтатқан ағартушы», «Тәуелсіздік Алтын тұғырымыз». Жас ұстаздардың жазба жұмыстары тесерілуде, байқаудың 2-кезеңі 06.03.2021жылы өтеді, сабақта қолданылатын технологияға немесе бағалаудың мақсаты мен құралдарын анықтай отырып, белсенді оқыту әдістеріне негізделген технология элементіне сәйкес оқыту әрекетін ұйымдастыру және сабақ үзіндісінің сипаттамасы, өзіндік талдаумен жалғасын табады.Мектебіміздің жас ұстаздарына сәттілік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: