Мектебім, саған мың алғыс! » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебім, саған мың алғыс!
05
июнь
2024

Мектебім, саған мың алғыс!

Қымбатты түлектер!
Құрметті ата аналар, ұстаздар және қонақтар!
 
Баршаңызды бүгінгі «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Соңғы Қоңырау күні – бұл тек мектеп бітірушілер ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер үшін де ерекше күн. Бұл күні ұстаздар өз шәкірттерінің өсіп, дамығанын көріп, олардың жетістіктерін мақтан тұтады. Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз. Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар. Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу керек құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген, бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын тұлға болуға бейімдедік.  
Биыл мектебімізді 68 түлек бітіріп отыр. 11 жыл бойғы оқу еңбектеріңіздің толағай жетістіктері бізді қуантады.
«Сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. 24.05.2024 ж күні 1-11 сынып аралығында «Білімім-Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтіліп, оқу бітіру іс-шарасы өткізілді. Сынып сағаты аясында ұстаздар оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады. Жыл бойы үздік нәтиже, үлгілі істер көрсеткен оқушылар марапатталды. Сонымен қатар 9 және 11 сынып оқушылары «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазып өздерінің болашақ жоспарлары туралы айтып,мұғалімдерге алғыстарын білдірді.
Құрметті ұстаздар! Бүгінгі мерекеде Түлектерге сапалы білім беріп, өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік негіздерін қалыптастыруда адал да, жемісті еңбектері үшін мектеп ұстаздарына ерекше алғысымды айтамын.
Құрметті ата-аналар! Бүгін Сіздер ерекше толқып, шаттыққа бөленіп тұрсыздар. Бала сіздердің болашаққа деген үкілі үміттеріңіз. Сіздерді бүгінгі тамаша қуаныштарыңызбен құттықтай отырып, бізбен бірге болған талай талай кездеріңіз, қолдауларыңыз үшін рахмет айтамын. Сіздер күрделі кезең алдында тұрсыздар. Балаларыңыз Жоғары оқу орынмен мен мамандық таңдау секілді маңызды қадам жасау алдында тұр.
Құрметті түлектер! Сіздер өмір бойы өсірген, оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың сіңірген ұшан теңіз еңбектерін жүректеріңізде ерекше құрметпен сақтап өтеді деп сенемін. Алда тұрған мемлекеттік аттестациядан, ҰБТ сынағынан сәтті өтулеріңізге тілектеспіз.
Баршаңызға сәт сапар, ақ жол тілеймін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: