"Жырдың алмас қылышы" атты әдеби-сазды кеш » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жырдың алмас қылышы" атты әдеби-сазды кеш
01
февраль
2024

"Жырдың алмас қылышы" атты әдеби-сазды кеш

№141жалпы білім беретін мектепте 01.02.2024 ж. күні М.Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай "Жырдың алмас қылышы" атты әдеби-сазды кеш өтті. Мақсаты: Елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері  М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңірек мәлімет бере отырып, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелеу. Кеш қонағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы шығармаларын зерттеуші Сарбасов Болатхан Серғазыұлы Махамбет өлеңдерінің  өскелең ұрпақты  ұлтжандыққа, батылыққа, бірлікке тәрбиелеуде рөлі зор екенін атап өтті. Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімдері:Нуртаева Еркін Андреевна мен Жұбанышбай Гүлмира Мирамбекқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: