Хабарландыру! » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2022

Хабарландыру!

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласының әкімдігінің «№141 жалпы білім беретін мектеп» КММ педагог лауазымдарының уақытша бос орындарына педагогтерді тағайындауға конкурс жариялайды. 

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Жетісу-2 ықшамауданы, үй 8 В,  (күрделі жөндеуге байланысты мекен-жайымыз Ақсай-4, 107, №132 гимназияда орналасқан) сайт: 141.alschool.kz,  e-mail: 141sh_almaty@mail.ru, тел. +7 727 373-10-38

Конкурс өтетін күн: 27 желтоқсан 2022 жыл

Бос жұмыс орындары: 

  1. Уақытша ағылшын тілі мұғалімі – 1

Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Пән бойынша жоғары педагогикалық білім;
  2. Жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
  3. Әр түрлі сертификаттардың болуы, өз қызметінің сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға қатысуы, семинарларға, конкурстарға және байқауларға қатысуға дайындығы құпталады;
  4. Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік;
  5. Жұмыс түрі – толық.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға 8-19 желтоқсан 2022 ж. аралығында келесі құжаттарды электронды түрде (141sh_almaty@mail.ru ) немесе қағаз түрінде тапсыруы қажет:

  1. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сійкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)
  7. психо-неврологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан ары ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
  10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

06 декабрь 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!
30 июнь 2022 Хабарландыру!
06 апрель 2022 Назар аудар!