Последние публикации на сайте » Страница 15 » КГУ "Общеобразовательная школа №141"
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 373-69-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-69-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 15
“Бастауыш сынып пәндерінің ерекшеліктері” тақырыбында мектеп ұстаздарымен тренинг
26
январь
2024
“Бастауыш сынып пәндерінің ерекшеліктері” тақырыбында мектеп
26.01.2024 ж күні “Білімнің негізі - бастауыш” атты апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Қайырқұл Азамат Мұратбекұлы “Бастауыш сынып пәндерінің ерекшеліктері” тақырыбында мектеп ұстаздарымен тренинг өткізді. Мақсаты: мұғалімдерді жаңартылған білім мазмұны бойынша өзгерістермен таныстыру, пәндік құзыреттіліктерін арттырып, бастауыш сынып пәндерінің ерекшеліктерін анықтау болды. Тренингке мұғалімдер белсене қатысып, пәндік ерекшеліктерді талдады.
«Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу»
24
январь
2024
«Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу»
№141 жалпы білім беретін мектепте 24.01.2024 ж күні Алматы қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Көбеев Дәурен Асқарұлы және қалалық психикалық сауықтыру орталығының нарколог-дәрігері Трубникова Анна Александровнаның қатысумен 9,10 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
«Құмар ойындары - тәуелділік қақпаны», Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелдігін қалай жеңуге болады?  атты ата-аналарға семинар
18
январь
2024
«Құмар ойындары - тәуелділік қақпаны», Балалардың компьютерлік
Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектепте "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы"  бағдарламасы аясында «Құмар ойындары - тәуелділік қақпаны», Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелдігін қалай жеңуге болады?  атты ата-аналарға семинар өтті.  Семинарда қоғам қайраткері, педагог-психолог, "Көреміз" бағдарламасының сарапшысы Таубаева Құралай Шынасылқызы баяндама жасап,  пайдалы кеңестермен бөлісіп,  кері байланыс жүргізіп отырды.